К.С. Станиславский атындағы театрында И. Баграмовтың театрға арналған көрмесі

К.С. Станиславский атындағы  театрында И. Баграмовтың театрға арналған көрмесі

Халықтар достығы орденді К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры 6 қарашада 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойлық кеште көрермендерге «Шексіз жолдар» театрландырылған көрініс ұсынылады. Сонымен қоса, айтулы оқиғаға бірқатар іс-шаралар орайластырылған, атап айтқанда Г. Камал атындағы Татар мемлекеттік академиялық театрдың бас директоры Ильфир Якуповтың (РФ, Қазан) «Театр өнерін ілгерлету жолында Digital құралдары» шеберлік сабағы және М. Горький атындағы мемлекеттік орыс театрының бас режиссері Бекпулат Пармановтың (Нұр-Сұлтан) «Қуыршақтар өнері» шеберлік сабағы мерейтойлық аптада өтті.

Сағат 17.00-де театр фойесінде суретші Игорь Баграмовтың К.С. Станиславский атындағы театрға арналған көрмесі ашылды.

Игорь Баграмов (1961 жылы туған) – театр суретшісі білімі бар, бүгінде мүсінші, көркем суретші, акварельші ретінде танымыл. Халықтар достығы орденді К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрында қызмет етті, А. Островскийдің «Без вины виноватые», В. Рыжковтың «Где? В Караганде!», О. Голдсмиттің «Ночь ошибок», А. Большакованың «Щелкунчик» спектакльдері сценографиясының авторы болып табылады.

Спектакльдерді безендірген кезде, әртістермен тығыз қарым-қатынас болды. Нәтижесінде, олардың сахнадағы образдарының және шынайы өмірдегі портреттер галереясын жасады.

Көрме соңында Игорь Баграмов портреттерді К.С. Станиславский атындағы театрдың әртістеріне сыйлады.