Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды!

Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды!

Көкпекті ауылындағы жаңа мәдениет үйін арнайы жоба бойынша ашқан облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды мерекемен құттықтады.
– Президент тапсырмасы бойынша Бұқар жырау ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында үш заманауи мектеп саламыз — бұл балаларымыздың болашағына жасалған инвестиция. Бүгін тағы бір маңызды және көптен күткен оқиға орын алды: жаңа Мәдениет үйін ашып отырмыз. Бұл — бүкіл ауыл үшін кездесулер, шығармашылық және қоғамдық байланыс орны. Баршаңызды осы мерекемен және келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! – деді өңір басшысы.
Көкпекті ауылында шығармашылық жұмыстар мен үйірмелер 30 жыл бойы бейімделген бөлмелерде жүргізіліп келді. Енді тұрғындар үшін 200 орындық зал, сахна және сабақ өткізуге арналған кабинеттері бар заманауи, кең және ыңғайлы ғимарат бой көтерді.
– Бұл біз үшін үлкен оқиға. Мен Көкпектіде жеті жылдан бері жұмыс істеймін және жаңа Мәдениет үйінің ашылуын қатты күттім. Мұнда жарық, әдемі және ыңғайлы — концерттер, репетициялар мен сабақ өткізуге барлық жағдай жасалған. Жаңа ғимарат балалар мен ересектерді шығармашылыққа тартып, олардың таланттарын ашуға мүмкіндік береді, – деді Мәдениет үйінің меңгерушісі Ольга Гайнуллина.
2025 жылы Бұқар жырау ауданында үш мәдениет үйі пайдалануға беріліп, жеті мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өтті.