Домбыра үні!

Домбыра үні!

6 шілде күні сағат 12:00-де облыс орталығының басты сахнасында Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік Қарағанды қаласының әкімдігімен бірлесіп, Орталық мәдениет және демалыс саябағында ұлттық музыкалық аспап-домбыра күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Мерекенің басты оқиғасы ауқымды флешмоб болған: Бір уақытта 500 домбырашы ұлы қазақ композиторы Тәттімбет Қазанғапұлының әйгілі күйлерін орындаған. 
Іс-шараға қаланың және концерттік бірлестіктің жетекші домбырашылары, мерекенің арнайы қонағы - Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева қатысты.