Сағынышпен өрілген кеш...

Сағынышпен өрілген кеш...

25 маусым күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында Қазақ вальсінің королі, композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналған “Сағынышым менің…” атты ән кеші өтті.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Кеншілер мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткен бұл кеш көрермендерге шексіз әсер сыйлады. Қарағандының жарық жұлдыздары Шәмші әуендерін әуелете шырқап, кештің шырайын аша түсті. Ұмытылмас әуен, жылы естеліктер мен әсерлі сәттерге толы шара көрермендердің жүрегінен орын тапты.