"Visit Karaganda" туристік ақпараттық орталығы WhatsApp мессенджеріне +7 700 219 0890 интеграцияланған виртуалды ИИ — консультантын ұсынды. Жоба цифрлық шешімдерді дамыту және өңірдегі туристік қызметтердің сапасын жақсарту шеңберінде іске асырылды.
Чат-бот Қарағанды облысындағы туризммен байланысты тақырыптардың кең ауқымы бойынша тәулік бойы ақпараттық қолдау көрсетеді: көрікті жерлер, табиғи және мәдени нысандар, көлік, орналастыру, гастрономия және тағы басқалар.
ИИ-консультанттың басты артықшылықтарының бірі көптілді қолдау болып табылады, бұл оны қазақстандық туристер үшін ғана емес, шетелдік қонақтар, туроператорлар, туристік агенттіктер және әлеуетті инвесторлар үшін де қолжетімді етеді.