Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасын сайлады

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасын сайлады

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында жаңа құрамдағы өңірлік кеңестің бірінші отырысы өтті. Бас қсоу барысында төраға сайланды, сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов өңірлік кеңеске өткен сайлаудың қорытындысын шығарды. ӨКП басшысы Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, бірлескен белсенді жұмыс атқаруға шақырды.

- Сіз бірден бизнестің өзекті мәселелерін қарауға кірісесіз, кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесесіз деп үміттенеміз. Өңірлік кеңес мүшелері облыс экономикасының барлық салаларын ұсынады. Біз ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайынбыз, - деді Ернар Күлпейісов.

Отырыста өңірлік кеңестің төрағасы болып бірауыздан белгілі бизнесмен Болатбек Бәйменов сайланды.

- Бүгін мұнда облыстың барлық өңірлерін таныстыратын беделді және тәжірибелі кәсіпкерлер жиналды. Бизнес тарапынан бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, біздің міндетіміз – әріптестеріміздің сенімін ақтау, - деді Қарағанды облысы КП Өңірлік кеңесінің төрағасы, «ГЛОТУР-К» ЖШС басшысы Болатбек Байменов.

Отырыста кәсіпкерлер алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын да талқылады.