2023 жылғы 28 сәуірде Шахтинск қаласында кәсіпкерлермен бизнесті қолдаудың қолданыстағы шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

2023 жылғы 28 сәуірде Шахтинск қаласында кәсіпкерлермен бизнесті қолдаудың қолданыстағы шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

        2023 жылғы 28 сәуірде Шахтинск қаласында Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, "Кәсіпкер" өңірлік бағдарламасы, "Ауыл Аманаты" ауылдық елді мекенінің кірісін арттыру бағдарламасы және "Мен Кәсіпкер" жобасы шеңберінде бизнесті қолдаудың қолданыстағы шараларын түсіндіру бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
        Іс-шараға Қарағанды облысының бизнес, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармаларының, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының, "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қарағанды облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері қатысты