Қарағанды облысында "Көктем-2023"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Қарағанды облысында "Көктем-2023"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы 2023 жылғы 2-3 наурызда өткен "Көктем-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты-су басуға бейім елді мекендердегі су тасқынынан болатын зардаптарды азайту.
Қарағанды облысы бойынша ТЖД ақпараты бойынша, өңірде 149 елді мекен, 99 автожол учаскесі және 237 Су шаруашылығы құрылыстары БАҚЫЛАУДА.
Тұрғындарды су басу мүмкіндігі бар аудандардан эвакуациялау жағдайында тұрғындарды қабылдаудың 235 пункті дайындалды.
Ықтимал су тасқынының салдарын жою үшін жеке құрамның 3 мыңнан астам адамын, 1388 техникалық құралдарды, 70 бірлік жүзу және 360 бірлік су айдау техникасын тарту жоспарлануда.