Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру

Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның құралдары есебінен ШОБ-ты қаржылай қолдау жалғасуда.

2023 жылы жергілікті бюджет қаражатынан субсидиялауға, кепілдік беруге және гранттарға барлығы 2 млрд теңге, республикалық бюджеттен – 12 млрд теңге көзделген.

Жыл басынан бері экономиканың түрлі салаларында 3,2 млрд. теңге кредит сомасына 12 жоба қаржылай қолдау алды.

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалардың ең көп саны - 6 жоба, білім беруде – 2 жоба және 1 жоба бойынша құрылыста, жылжымайтын мүлікпен операциялар, Көлік және қоймалау, тұру және тамақтану бойынша қызметтер көрсетуде.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қарағанды қаласында ашылған "Грандиз "ЖШС" Panda Activity Park "ойын-сауық паркі" жобасы қаржылық қолдау (субсидиялау және кепілдік беру) алған табысты мысалдардың бірі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қосымша ақпарат алуға болады:

1.Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы, Қарағанды қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО), Ермеков көшесі 29, тел. 8/7212/50-40-55;

2."Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, Ермеков көшесі 29, тел.: 8/7212/55-90-20.

3."Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" ММ, Әлиханов көшесі, 13, тел. 8/7212/503873