Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамытудың "Кәсіпкер"Өңірлік бағдарламасы басталды

Қарағанды облысында кәсіпкерлікті дамытудың "Кәсіпкер"Өңірлік бағдарламасы басталды

Жеңілдетілген кредиттердің алғашқы иегерлері спорт пен сұлулық индустриясын дамытуға бағытталған 111 млн. теңге сомасына 3 жоба болды.

         "Кәсіпкер" бағдарламасының арқасында Қарағандыда 2 фитнес клуб ашылады, оның ішінде Invictus FITNESS франшиза бойынша жаңа премиум фитнес клубы және сұлулық индустриясында оқыту курстары ашылады.

         Өңірлік бағдарлама шеңберінде 2023 жылы тепе-тең негізде 1,5 млрд теңге (ауыспалы қаражатты ескере отырып) көзделген. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 111 млн. теңгеге 3 жоба қаржыландырылды, 146,5 млн.теңгеге 4 жоба мақұлданды және екінші деңгейдегі банктерде 445 млн. теңгеге 11 жоба қаралуда.

         Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама 2022 жылдың желтоқсанында басталды. Бағдарламаға Қарағанды облысында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір қарыз алушыға ең жоғары қарыз сомасы 50 млн теңгені құрайды. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-5%.

         Қарыз "Центр кредит" Банкі және "Банк РБК"АҚ арқылы беріледі. Сондай-ақ, кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, "ДАМУ" қоры кредит сомасының 85% - на дейін кредиттерге ішінара кепілдік беру құралы бойынша мемлекеттік қолдау көрсетеді.

         Толығырақ ақпаратты Сіз    8 7212 55-89-99, 8 7212 55-90-30 телефондары арқылы біле аласыз немесе Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының ресми сайтындағы бейне нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/media/details/30075?lang=ru.