Темекі өнімдерін сату туралы

Темекі өнімдерін сату туралы

2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып сатуға тыйым салу туралы 110-бабы  2-тармағының 16) тармақшасы күшіне енді.

Анықтама: бөлшек сауданың жүзеге асырылуы кезінде темекі өнімі, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар туралы ақпарат сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы сатып алушылардың назарына жеткізіледі, оның мәтіні қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттер пайдаланылмай, сатылатын темекі өнімінің бағасы көрсетіле отырып, бір сауда орнына 40х30 сантиметрден аспайтын көлемде ақ фонда қара түсті бірдей өлшемдегі әріптермен орындалады және әліпбилік ретпен жасалады.

Сауда объектісінде сатып алушыға темекі өнімін, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды көрсету сатылатын темекі өнімінің, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтардың тізбесімен танысқаннан кейін оның талап етуі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, Кодекске сәйкес, жасөспірімдер арасында кеңінен таралған және сауда орындарында сатылатын «электрондық сигареттер» №261 «электрондық тұтыну жүйелері» терминімен айқындалғанын және №248 «темекі өнімдері» терминімен қосымша реттелетінін түсіндіреміз. Осылайша, электрондық тұтыну жүйелері (мысалыға: «вейптер», «электрондық сигареттер», «IQOS», «GLO») орналастыруға тыйым салынады және темекі және темекі өнімдерінің басқа түрлері сияқты тығыз пердемен сатылуы тиіс.

Анықтама: Кодекстің 1-бабының 1-тармағында мынадай ұғымдар көзделген:

248) темекі өнімдері-темекі шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланылатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара дайындалған өнімдер;

255) темекіні қыздыруға арналған жүйе-құрамында никотин бар аэрозоль түзе отырып, темекіні қыздыруға пайдаланылатын құрылғы;

261) электрондық тұтыну жүйелері – никотинді жеткізудің электрондық жүйелері және никотин болып табылмайтын өнімдерді жеткізудің электрондық жүйелері – электрондық технологиялардың (аккумулятордың) көмегімен құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты (картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі) қыздыратын құрылғылар (оның ішінде электрондық сигареттер), пайдаланушы жұтатын аэрозоль түзетін басқа да химиялық заттар, хош иістендіргіштер.

 Ақпарат туралы, темекі және темекі бұйымдары туралы және темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК) 198 және 199-баптары шеңберінде тиісті әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Анықтама: ҚР ӘҚБК-нің 198-бабы «Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат туралы заңнама талаптарын бұзу» (10-нан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады) кәсіпкерлік субъектісінің нысанына және бұзушылықтардың қайталануына байланысты.

ҚР ӘҚБК-нің 199-бабы «Қазақстан Республикасының темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату, темекіге демеушілік ету, темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтықтарды өндіру, сату және тарату жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу».

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы              1-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтықтарды жарнамалауға, сондай-ақ темекі және темекі бұйымдарына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу, оның ішінде жүлделер, лотереялар ойнату, сондай-ақ темекі, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көпшілік алдында орындау және кез келген басқа да пайдалану.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының Жарнама туралы заңнамасын бұзу» жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға 60 АЕК-тен 400 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.