Қарағанды облысының тұрғындарына шетелдік сапарлардан бас тартуға кеңес береді

Қарағанды облысының тұрғындарына шетелдік сапарлардан бас тартуға кеңес береді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша коронавирустық инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны бүкіл әлем бойынша өсіп келеді. Осыған байланысты біздің елімізде коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штаб Қарағанды облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алып келуі мен таралуына жол бермеу үшін келесі елдерге сапарлардан бас тартуды ұсынады: Қытай Халық Республикасы, Гонконг және Макао, Тайвань, Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Иран, Сингапур, Әзірбайжан, Таиланд, Малайзия, Германия, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Бахрейн, Кувейт және Испания.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулысы күшіне енді. Аталмыш қаулыға сәйкес коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген елдер үш санатқа бөлінеді. Жіктеуге байланысты осы елдерден Қазақстанға келген адамдарға қатысты эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін болады.