Қарағанды қаласы әкімінің гранттары конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды қаласы әкімінің гранттары конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды қаласының әкімдігі қала әкімінің гранттары байқауына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Қатысуға 18–35 жас аралығындағы ісін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген жас кәсіпкерлер шақырылады.

Бір грант сомасы 1 500 000 теңгені құрайды.

Өтінімдер 16 мамырдан 16 маусымға дейін қабылданады. Оларды бір pdf файлымен grazhdane.kz@mail.ru поштасына жіберуге болады.

Конкурс туралы толық ақпаратты (8-7212) 40-08-63, 8-708-860-21-20 (WhatsApp) нөмірлері бойынша білуге болады.

Байқаудың мақсаты – Қарағандыда жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау.