Қарағанды ​​облысының кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесіне қатысты

Қарағанды ​​облысының кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекіткен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 20 сәуірде Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі жәрмеңкеге online форматта қатысты.

Кәсіпкерлік басқармасы барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру

2) «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

3) Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру