Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

 

Бүгін, 10 қаңтар – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғалар нәтижесінде көптеген адамдар қаза болуына байланысты 2022 жылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бүгін Қазақстанда еліміздегі қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге құрмет ретінде барлық мемлекеттік тулар төмен түсірілді.