Шахтинск қаласының 15 жас кәсіпкері бизнесті дамытуға гранттар алды

Шахтинск қаласының 15 жас кәсіпкері бизнесті дамытуға гранттар алды

 Шахтинск қаласында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнес ашуға және дамытуға қала әкімінің гранттарын алды. Жас кәсіпкерлер темір ұстасы мен білім беру орталығын ашып, жиһаз жасап, машиналар мен телефондарды жөндеп, мал өсіріп, көкөніс өсіргісі келеді.

Осы жылы Шахтинск қаласында жастардың бизнес-идеяларын қолдауға 15 миллион теңге бөлінді. Бір грант сомасы – миллион теңге.

25 жастағы Дәурен Охай өткен жылы МДФ-қасбеттер мен корпустық жиһаз өндіретін цех ашты. Қазір ол тек Шахтинск қаласының тұрғындарына ғана емес, жақын маңдағы елді мекендерге де қызмет көрсетеді. Кәсіпкер гранттық қаражатқа өнім сұрыпталымын көбейтпекші.

– Жиһазы қазір қымбат екені жасырын емес. Биыл материалдар мен керек-жарақтардың құны айтарлықтай қымбаттаған. Шахтинск, Долинка, Шахан тұрғындарына жиһазға тапсырыс беру үшін Қарағандыға бару әрдайым ыңғайлы емес, сондықтан өткен жылы осы тауашаны иеленуді шештім, – деді Дәурен. – Биыл гранттар конкурсына қатысуға шешім қабылдадым, себебі тауар ассортиментін ұлғайтқым келеді. Қазір менде екі қызметкер жұмыс істейді. 

Тағы бір грант алушы – Мирас Мейрам темір ұстасын салуға ниетті. Ол үш жыл бойы мазарлар салумен және металл дуалдар мен қоршаулар, торлар мен loft-жиһаздарын шығарумен айналысады.

– 2019 жылы мен «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, 500 мың теңге көлемінде грант алдым. Бұл мен үшін жақсы демеу болды. Біз үш жыл бойы жұмыс істеп келеміз және біздің қызметтеріміз халық арасында сұранысқа ие деп нық сеніммен айта аламыз. Металл бұйымдарын бұрын басқа компаниялардан тапсырыс беретінбіз. Бірақ бұл біздің клиенттеріміздің қалтасынан қағады, сондықтан гранттың көмегімен біз өз темір ұстамызды салғымыз келеді, – дейді Мирас.

Мақсат Тоханов қаңтар айында ТЖО ашуды жоспарлап отыр. Жас жігіт мектепте автомобильдердің құрылысына қызығушылық таныта бастады. Бұл оның болашақ кәсібінің негізі болды. Қарағанды политехникалық колледжін «автосервис» мамандығы бойынша бітірген.

– Менің өмірім автомобильдермен байланысты. Грантқа ТЖО ашуды жоспарлап отырмын, онда автоэлектрик, май ауыстыру және шиналарды жөндеу болады. Боксты жалға аламын. 10 қаңтарда жұмысқа кірісуді жоспарлап отырмыз. Төрт адамды жұмысқа орналастырамыз, – деді Мақсат.

Сондай-ақ, гранттар мынадай жобаларды қолдауға бөлінді: шаруа қожалығы, барбершоп, отбасылық кафетериі бар кондитерлік цех, жылыжайлар, тез тамақтану кафесі, ұялы телефондарды жөндеу бойынша білім беру және сервистік орталықтар. Сонымен қатар, тұрғындар курьерлік қызмет, іс-шараларды ресімдеу, 3D-модельдерді модельдеу және басып шығару және басқа қызметтерді ала алады.

– Барлық жобалар қызықты және назар аударуға тұрарлық. Алдағы уақытта біз грант алушыларға барынша көмектесіп, олардың идеяларының іске асырылуын қадағалайтын боламыз, – деп атап өтті Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтонов.