Кәсіпкерлер назарына! "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша құжаттар тізімі

Кәсіпкерлер назарына!  "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша  құжаттар тізімі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

   "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары

3-тарау 23- тармақ Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

      2) Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса);

      3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

      4) өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда);

      5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).