Кәсіпкерлер назарына! "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша жаңа қағидалар бекітілді

Кәсіпкерлер назарына! "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша жаңа қағидалар бекітілді

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің шарттары мен тетігін айқындайды.
  2. Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылады.
  3. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.
  4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.
  5. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттар беру мақсатында уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне аударады.
  6. Бағдарламаны іске асыру мақсатында бөлінетін қаражаттың кемінде 20 %-ы халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге бағытталады.
  7. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындайтын қатынастарға қолданылады.
  8. Осы Қағидалар күшіне енген күні қолданыста болған және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген грант беру туралы шарттар қаржыландыруға жатады. Қолданыстағы грант беру туралы қағаз шарттарды электрондық форматқа аударуды және оларды субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші осы Қағидалар күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
  9. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

  1. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      2) халықтың әлеуметтiк осал топтары – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған азаматтар санаты;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      4) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттамалар, есептемелер, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру мен ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің меншікті қаражатымен (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қоса қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын құру мерзімдерін қамтитын жоспары;

      5) жаңа бизнес-идея – осындай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдана отырып, тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (конкурс өткізу кезінде нақты елді мекенде немесе ауылдық округте іске асырылмайтын тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады);

      6) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

      7) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      8) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдері, салалық сарапшылар, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары қатысатын, құрамында кемінде 5 (бес) адам бар алқалы-кеңесші орган (жергілікті атқарушы органдардың өкілі конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды);

      9) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      10) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген электрондық нысандағы өтініш;

      11) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      12) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде жасалатын, талаптары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы грант берілетін үшжақты келісім;

      13) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан кем мерзімді құрайтын кәсіпкер (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      14) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан кем мерзімді құрайтын, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі кәсіпкер (жасы ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінген күнге айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      15) веб-портал – интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      16) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;

      17) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (сәйкестендіру) және оның жеке деректері мен баптауларына рұқсат беру үшін қажетті шот;

      18) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      19) электрондық өтінімдер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      20) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      21) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

3-тарау. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің тәртібі мен шарттары

  1. Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 23-тармағына сәйкес осы конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
  2. Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беруге арналған қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Мыналар:

      1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті болып табылмайды) қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.

  1. Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады:

      1) тауарлар шығаруға немесе қызметтер көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технология сатып алу;

      4) кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды.

  1. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын:

      1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;

      2) жалдау ақысын төлеу ретінде;

      3) үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);

      4) бұрын қолданыста болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға пайдалануға болмайды.

      Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлікті сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы жүзеге асырылады.

  1. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.
  2. Мынадай:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;

      4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруын (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтiк осал топтарын қоспағанда);

      5) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.

  1. Конкурс өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі басшысының шешімімен гранттардың берілуіне үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде конкурстық комиссия құрылып, оның құрамы бекітіледі. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірізділігі, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
  2. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияға төраға бола алмайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда, төрағамен келісу бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді. Комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

      Конкурстық комиссияның отырысына конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссияның мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, конкурстық комиссияның шешімі қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылды, ол:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында, сондай-ақ веб-порталда бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады;

      2) Бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзімде кәсіпкерлерге гранттар түрінде мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді мерзімдік негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты бар мәселелер бойынша, гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;

      4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      6) кәсіпкерлерді грант беру немесе оны беруден бас тарту туралы хабардар етеді.

  1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.
  2. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік гранттар мына шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті грантты алуға өтінім беру.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базаларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі;

      4) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы мәліметтерді растау;

      5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған деректер базасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы туралы мәліметтерді растау (қажет болса);

      6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, кәсіпкерде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесі(лері)нің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

      7) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе "Автомобиль" деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған, кәсіпкерде жылжымалы мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда).

      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек бір өтінім беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

  1. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

      2) Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса);

      3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

      4) өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда);

      5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

  1. Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің қызмет түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ қызметтің тоқтатылғаны туралы мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша қарыздың бар/жоқ болуы туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) бойынша берешек туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.
  2. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) кәсіпкерлердің, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, қаржы агенттігінің, уәкілетті органның (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болуға тиіс;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      Жеке кабинетте тіркелу үшін пайдаланушылар мына мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізу уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жібереді.

      Өтінімді қалыптастыру және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 22-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Егер өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қатенің болуы анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      Кәсіпкер Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді.

  1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
  2. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе Бағдарламаның талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.
  3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады;

      2) ақпараттық жүйе арқылы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесін қалыптастырады.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша таныстырылым және дауыс беру күні, уақыты және орны туралы автоматты түрде хабарлама кесте қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енгізілген барлық кәсіпкерлерге жіберіледі;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;

      4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның мүшелеріне мақұлданған өтінімдерді және кәсіпкердің электрондық құжаттамасын қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

  1. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 2 (екі) рет өткізіледі.
  2. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы таныстырады.
  3. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан мәлімделген жобаны қарауды;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балдарды қою әдісімен дауыс беруді;

      3) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қоюды жүзеге асырады, онда конкурстық комиссияның әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижелері және оның қорытынды шешімі көрсетілген.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды.

      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратады.

  1. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшадакөрсетілген кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті болып табылмайды);

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі).

      Бұл ретте, бизнес-идеяның жаңашылдығы өлшемшартына:

      нақты елді мекенде немесе ауылдық округте бұрын сатылмаған тауарларды шығаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды;

      нақты елді мекенде немесе ауылдық округте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

  1. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы және конкурстық комиссияның төрағасы ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      Конкурстық комиссияның хаттамасына қол қою кезінде өтінімдерді беру кезектілігіне сәйкес Қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервілеу жүргізіледі.

  1. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 9 (тоғыз) ай.
  2. Жобаны бағалау үшін оған балл беру осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын негізге ала отырып жүзеге асырылады.
  3. Кәсіпкердің бір жобасы бойынша конкурстық комиссияның мүшесі беретін ең жоғары балл 40 (қырық) балды құрайды. Халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын кәсіпкерлердің бизнес-жобалары бойынша ең жоғары балдың қосындысы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшағасәйкес міндетті емес талаптар/өлшемшарттар бойынша балдар шегеріле отырып белгіленеді.
  4. Дауыс берудің қорытындысы бойынша конкурстық комиссияның мүшелері қойған балдар саны қосылып, конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады.
  5. Егер жоба конкурстық комиссияның дауыс берген мүшелерінің мүмкін болатын ең көп балдары қосындысының 70 %-ынан астамын жинаған жағдайда, жобаны конкурстық комиссия мақұлдаған болып есептеледі.
  6. Конкурстық комиссия мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Конкурстық комиссия мүшесі дауыс бермеген жағдайда, оның балы кәсіпкердің пайдасына ең жоғары қосынды бойынша есепке алынады.
  7. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, уәкілетті орган хаттаманы веб-портал арқылы тұрақты негізде, ал қаржы агенттігі мен кәсіпкер – хаттамаға қол қойылғаннан кейін ғана қарайды.

4-тарау. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

  1. Веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижелері бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі мемлекеттік грантты беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкермен, қаржы агенттігімен грант беру туралы шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар беруге арналған кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.
  2. Грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге оның есептік банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады. Грант қаражатын жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына аударуға болмайды.
  3. Грант беру туралы шартқа қосымша келісімдерді шарт тараптары веб-портал арқылы жасайды.
  4. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті.

5-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

  1. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын ақпаратты сұрата алады, жобаны іске асыру орнына бару арқылы мониторингті жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл өткеннен кейін кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындауы бойынша қызметін мониторингтеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингтеу;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу жатады.

  1. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) веб-порталда грант алушылардың тізілімін жүргізеді;

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.

  1. Қаржы агенттігі кәсіпкердің грант қаражатын нысаналы пайдаланбағанын не жобаның және/немесе кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру талаптарына және/немесе конкурстық комиссияның шешіміне және/немесе грант беру туралы шарт талаптарына сәйкес келмейтінін не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамағанын анықтаған жағдайда, қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және конкурстық комиссияны веб-портал арқылы хабардар етеді.

      Қаржы агенттігі ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жою үшін қосымша уақыт беру не кәсіпкермен жасалған нысаналы грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдайды, содан кейін өзінің шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және қаржы агенттігін веб-портал арқылы хабардар етеді.

  1. Конкурстық комиссия кәсіпкермен жасалған грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі веб-порталда көрсетілген шартты бұзады және нысаналы пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтару жөніндегі іс-шаралар жүргізеді. Грант қаражаты бір бөлігіның нысаналы пайдаланылмауы анықталған жағдайда, конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша грант қаражатын грант қаражатының нысаналы пайдаланылмаған сомасына ғана қайтаруға жол беріледі.

 

"Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
1-қосымша

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы:___________________________________

      электрондық пошта мекенжайы: _____________________;

      байланыс телефоны ___________________________

      Конкурстың нысанасы: "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысанасы: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

      Өтінімдерді ұсыну мерзімдері: 20__ жылғы "____" ____________ бастап 20__жылғы "__" ______ дейін.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

      Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: _______________.

 

"Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім

 

_____________________ облысының

 

(республикалық маңызы бар қаланың,

 

астананың) _______________________

 

________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру (өз бизнесін құру) үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатынымды мәлімдеймін.

  1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы ________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _____________

      мекенжайы ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі__________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы _____________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)______________________________

      ЖСН ______________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      кім берді ____________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі__________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабарлама күні ________________________________________________

  1. Шағын кәсіпкерлік субъектісінде екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері:_____________________________________________

      Банктің атауы:__________________________________________

      БСК __________________________________________________________

      ЖСК _________________________________________________________

      БСН _________________________________________________________

      Кбе __________________________________________________________

  1. Сұратылатын ақша қаражаты, барлығы, мың теңге ______________;

      оның ішінде жылдар бойынша:

Р/с

Жыл

Сома, тг

1

   

2

 

 

Жүктеу

      Мынаны:

      1) бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегім жоқ екенін;

      2) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.

      Мен:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге кепілдік беремін.

      Мен:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуіне жол берілетінімен;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің көрсетілген деректердің анықтығын тексермеуіне жол берілетінімен;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтындығымен;

      4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Бағдарлама шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға ұсынуға құқылы екенімен;

      5) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынымен, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар мемлекеттік грант ұсынылмаса да, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталатынымен;

      6) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінімді қарауына қабылдауымен, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды екенімен келісемін.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған конкурстың шарттарымен және мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 20 __ жылғы "__" сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

 

Жаңа бизнес-идеяларды
іске асыру үшін мемлекеттік
грант беруге арналған
конкурстық іріктеуге
қатысуға өтінімге
қосымша

      Нысан

Жоба туралы мәліметтер

  1. Жалпы ақпарат:

      жобаның атауы________________________________________________;

      жобаның қысқаша сипаттамасы__________________________________;

      жобаны іске асыру орны________________________________________;

      жобаны іске қосу күні_______________________________________;

      қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады) __________;

      өнімді/көрсетілетін қызметті пайдаланушылардың нысаналы аудиториясы ________________________;

      жер учаскесінің және/немесе үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік) ________________________;

      учаскенің және/немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі (бар болса)__________;

      қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (бар болса тізбелеу): __________________.

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кәсіпкердің қызметі туралы деректер:

      секциясы: ___________________________________________________;

      бөлімі: ______________________________________________________;

      тобы: _______________________________________________________;

      сыныбы: ____________________________________________________;

      кіші сыныбы: ________________________________________________.

  1. Жобаны/өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау_________________________________;

      ұсынылатын өнім иеленуге қабілетті нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу __________;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер ________________;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға дайындығын растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) ______________________________________________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалар бойынша артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өнімнің қатардағы емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) ___________________;

      жасалатын өнімнің бәсекелік артықшылықтары, техникалық-экономикалық сипаттамаларын аналогтармен салыстыру (техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдерге салыстырмалы талдау келтіріледі (аналогтармен салыстыра отырып, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтемелер):

Көрсеткіштер атауы

Көрсеткіштердің мәні

 

ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог

     

 

Жүктеу

  1. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкерлер саны______________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, шеберліктің, дағдылардың немесе білімнің болуы) _______________________________________.

  1. Жобаны іске асыру:

      жобаның өтелу мерзімі, ай ______________________________;

Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат

   

Грант қаражаты

   

Барлығы:

 

 

Жүктеу

  1. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

      5.1 өтінім берілген күнге ақпарат:

Басшыны қоспағанда, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарының саны, адам

 

Алдыңғы қаржы жылындағы салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге

 

Жүктеу

      5.2 болжамды ақпарат:

Жылдар

Болжам

4 жыл
Бойынша қосындысы

 

ағымдағы жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

 

Құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны, адам

   

-

-

 

Салықтар түріндегі жаңа түсімдердің сомасы, мың теңге

         

Таза пайда, мың теңге

       

 

Жүктеу

             
  1. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүлінуі және толық табыс алмау ықтималдығы)

   

Маркетингтік (тауарды сату көлемінің немесе бағасының төмендеуіне байланысты толық пайда алмау ықтималдығы)

   

Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)

 

 

Жүктеу

  1. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (.pdf форматында)

1

2

3

1

Кәсіпкердің Бағдарлама және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы курстарында қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжат (бар болса)

 

2

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінен кемінде 10 % ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар

 

Жүктеу

  1. Қосымша мәліметтер:

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс);

      2) Сіздің пікіріңіз бойынша бизнес-жобаның енгізуге дайындығын сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) Сіздің ойыңызша осы жоба бойынша өтелу мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде нені басшылыққа алғаныңызды, бұл сан қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкес келетіндігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа қол жеткізу үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) Сіздің ойыңызша, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (жобаны іске асыруға маусымдылықтың, мереке күндерінің әсер етуіне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланып отырған іс-әрекеттеріңізді сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның жаңашылдығын сипаттаңыз (бірегейлігі, қолданушылығы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтарының болуы) (мүгедектер үшін қолданылмайды).

  1. Қосымша ақпарат:

      Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске арналған шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), Excel форматындағы көрсеткіштердің есебін қоса беру.

      Excel форматында кесте түріндегі есептерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе табыстардың, шығыстардың, ақша қозғалысының жоспар-болжамының есебі. Табыстардың қызмет түрлері бойынша таратып жазылған, шығындардың шығындар баптары бойынша таратып жазылған есебі.

 

"Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың берілуіне үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесі

Р/с №

Кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Бизнес-жобаны іске асыру орны

Гранттың сұратылатын сомасы, теңге

Конкурстық комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты

           
           
         

 

Жүктеу

 

 

"Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
4-қосымша

Кәсіпкер жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Сипаттамасы мен салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті болып табылмайды)

Балдар қосындысы

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

Балдар қосындысы

3.

Даярлық дәрежесі

Балдар қосындысы

4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы

2 балл – жобаны іске асыру үшін талап етілетін меншікті инфрақұрылымның болуы;
1 балл – бизнес-жобада оны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымды құру көзделеді.

5.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті болып табылмайды)

2 балл – 20 %-дан жоғары;
1 балл – 10 %-дан 20 %-ға дейін.

6.

Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

7.

Жобаның экономикалық орындылығы

Балдар қосындысы

Жүктеу

      1) Бизнес-жобаның жаңашылдығын бағалау

Бизнес-жоба жаңашылдығының өлшемшарттары

Балдар

Жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы)

2 балл – аналогтардың болмауы;
1 балл – аналогтары бар, алайда бизнес-жобаны іске асыру бағыты жаңа және өңір үшін перспективалы.

Жобада ұсынылатын шешімдердің жаңашылдығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегия құру, өнімнің материалы/өндіру тәсілі)

2 балл – сәйкес келеді;
1 балл – ішінара сәйкес келеді;
0 балл – сәйкес келмейді.

Жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы)

2 балл – жобада заманауи технологиялар қолданылады;
1 балл – бар;
0 балл – жоқ.

Өндірілетін тауарға/көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы)

2 балл – бар;
0 балл – жоқ.

Бизнесті кеңейту перспективасы (оның ішінде нарыққа өнімді немесе бизнес-процесті ілгерілету стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, қаржыландыруға жеке капиталды тарту перспективасы).

2 балл – сәйкес келеді;
1 балл – ішінара сәйкес келеді;
0 балл – сәйкес келмейді.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

Жүктеу

      2) Бизнес-жобаның тиімділігін бағалау

Тиімділік өлшемшарттары

Балдар

Бизнес-жобаның өтелу мерзімі

2 балл – 3 жылдан аспайды;
1 балл – 3 жылдан асады;
0 балл – 7 жылдан асады.

Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы)

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

Бір өнім берушіге не сатып алушылардың шағын тобына тәуелділік

Жоқ – 1 – 2 балл/Иә – 0 балл

Тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізу/қызметтер көрсету/жұмыстарды орындау/технологияларды/
франшизаларды/патентті және т.б. сатып алу шарттарының/келісім шарттарының болуы

2 балл – бар;
1 балл – жоқ.

Бизнес-жобаны іске асыру үшін жеке үй-жайдың болуы

2 балл – бар;
1 балл – жалға алынатын үй-жай.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

Жүктеу

      3) Бизнес-жобаның даярлық деңгейін бағалау

Бағалау өлшемшарттары

Балдар

Өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі

2 балл – қажеттілік пен өнімді нарыққа ілгерілету арналары бар;
1 балл – нарықтағы бәсекелестік тұрғысынан қажеттілік деңгейі төмен, ілгерілету арналары тиімсіз;
0 балл – жоқ.

Білікті мамандар командасының болуы

2 балл – бар;
0 балл – жоқ.

Жобаларды іске асырудағы тәжірибенің болуы

2 балл – 3 жылдан артық;
1 балл – 3 жылға дейін.

Бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе).

2 балл – мүмкін;
1 балл – барынша аз;
инвестициялармен мүмкін;
0 балл – мүмкін емес.

Жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтауға меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау жүргізу)

2 балл – жеткілікті, көрнекі салыстырмалы талдау бар;
1 балл – жоба қосымша қаражат тартуды талап етеді, бұл ретте бизнес-жобада тартудың әдістері мен көздері ашып көрсетіледі.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

Жүктеу

      4) Жобаның экономикалық орындылығын бағалау

Бағалау өлшемшарттары

Балдар

Жұмыс орындарын құру

2 балл – жоба жұмыс орындарының жеткілікті санын құруды білдіреді;
1 балл – жұмыс орындарының мәлімделген санын құра алмау тәуекелі бар.

Бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы)

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

Жүктеу

 

 

"Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттардың берілуіне үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ ХАТТАМАСЫ

  1. Кәсіпкер туралы қысқаша мәліметтер:

      өтінім нөмірі: _________________ өтінім берілген күн: ________________

      заңды тұлға үшін: атауы___________ БСН_______________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      жеке кәсіпкер үшін: атауы______ ЖСН ___________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________

  1. Жоба туралы қысқаша ақпарат:

      бизнес-жобаның атауы ____________________________

      бизнес-жобаны іске асыру орны _________________________________

      гранттың сұратылатын сомасы, теңге ______________________________

  1. Комиссия мүшелері:

      1) _______________________тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) …..

      3) …..

      Жоба бойынша дауыс беру нәтижелері:

      дауыс беруге барлығы _________________ комиссия мүшесі қатысты, оның ішінде:

      ________ дауыс берді; _______ дауыс берген жоқ ("әдепкі бойынша" ең жоғары балл қабылданды).

      Комиссияның жобаны қарау нәтижелері:

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Орташа балл:

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті болып табылмайды)

 

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

 

3.

Даярлық дәрежесі

 

4.

Меншікті инфрақұрылымының болуы

 

5.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті болып табылмайды)

 

6.

Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары

 

7.

Жобаның экономикалық орындылығы

 
 

ЖИЫНЫ:

 

Жүктеу

      Жоба бойынша балдардың ең жоғары ықтимал сомасы ________ балды құрайды;

      Мемлекеттік грант алу үшін өту балы (балдардың ең жоғары ықтимал қосындысының 70 %-ы): __________ балды құрайды;

      Комиссия шешімі: жоба ________ мың теңге сомасында мақұлданды/мақұлданбады.

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

  1. ЭЦҚ деректері; ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.
  2. …..
  3. …..