Қарағанды облысында өңірлік микроқаржы ұйымы алғашқы несиелерін берді ⠀

Қарағанды облысында өңірлік микроқаржы ұйымы алғашқы несиелерін берді ⠀

Қарағанды облысында өңірлік микроқаржы ұйымы алғашқы несиелерін берді

Қарағанды облысында Atameken Qaragandy микроқаржы ұйымы кәсіпкерлерге несие бере бастады. «Бастау Бизнес» жобасының түлектері қолдау алды.

Қандай жобалар қаржыландырылғаны жайлы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында мәлім етті.

Алғашқылардың бірі болып Бұқар Жырау ауданының тұрғыны Әділғазы Әбдуәлиев 7 290 000 теңге несие алды. Туған ауылында ол сүт өнімдерін өндіру үшін мал фермасын құрмақ. Қаражат мал сатып алуға бөлінген.

Теміртаулық кәсіпкер Александра Швец «Еңбек» бағдарламасы бойынша балалар ойын-сауық орталығын ашуға грант алды. Алайда, қаражаты жетпегендіктен ол МҚҰ несиесін пайдаланды.

Абай ауданының тұрғыны Назира Баспақова жаңа азық-түлік дүкенін ашады. Несие қаражаты сауданы дамытуға жұмсалады.

Қазіргі уақытта Atameken Qaragandy микроқаржы ұйымы ісін енді бастаған жеті кәсіпкерге несие берді.