ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ГРАНТТАРЫ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!

  ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ГРАНТТАРЫ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!


📎 Байқаудың мақсаты - Қарағанды облысындағы жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау.
🗓 Өтінімдер 10.09.2021 бастап 10.10.2021 дейін қабылданады.
🧑🏻‍💻 Байқауға 18-ден 28 жас аралығындағы өз ісін жаңадан бастаушылар немесе әрі қарай дамытқылары келетін жас кәсіпкерлер қатыса алады.
📨 Өтінішті pdf-форматында akimgranty09@yandex.kz поштасына жіберуге болады.
📁 Толық ақпаратпен https://t.me/akimgranty09 сілтемесіндегі телеграм-каналында танысасыздар.
☎️ Грант байқауы туралы толығырақ төмендегі нөмірлер бойынша біле аласыздар:
8 (778) - 630 - 73 - 97 (WhatsApp, Telegram)
8 (771) - 365 - 99 - 13 (WhatsApp, Telegram)
8 (701) - 122 - 24 - 63 (WhatsApp, Telegram)

Ізденушілерге қойылатын жалпы талаптар
1. Конкурсқа қатысуға өтінім берген сәтте 18-28 жас аралығындағы Қарағанды облысында тұратын жастар жіберіледі.
2. Өтінімге төмендегі құжаттар қоса беріледі:
• қатысу үшін үлгілік нысанға сәйкес өтінім;
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• үлгілік құрылым бойынша әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
• соңғы 36 айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
• соңғы 36 айда бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқытудан, біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттың (сертификат, диплом) көшірмесі (бар болған жағдайда);
• қатысушының (патент, куәлік) бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті әзірлеу (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі) құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
• ағымдағы банктік шотта қаражаттың болуы туралы анықтама (бар болған жағдайда, бизнес-жобаны өз қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндігін растау үшін);
• бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі немесе жалға алу шартының көшірмесі (бар болған жағдайда);

бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі немесе жалға алу шартының көшірмесі (бар болған жағдайда);
• соңғы алты айдағы жеке зейнетақы шотынан үзінді («жұмыссыз» мәртебесі бар қатысушыларға қойылатын талаптар, «neet жастар» санаты);
• оқуды растау туралы оқу орнынан анықтама (жоғарғы оқу орындары мен орта арнайы оқу орындарының соңғы курстарының күндізгі бөлімінің студенттері болып табылатын қатысушыларға қойылатын талаптар);
• жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар);
• жеке кәсіпкердің ағымдағы банктік шотының болуы туралы анықтама (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар);
• қызмет көрсететін банкте несиелік берешектің болуы (болмауы) туралы анықтама (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар);
жеке кәсіпкердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (қолданыстағы бизнес-жобаны дамыту үшін грантқа үміткер қатысушыларға қойылатын талаптар).


Құжаттар 2021 жылғы 10 қазан сағат 18.00-ге дейін
akimgranty09@yandex.kz
электронды мекен-жайы бойынша қабылданады
https://t.me/akimgranty09