Қарағанды облысы бойынша экология департаменті санаттарды анықтауға өтініш беру мерзімі ұзартылғанын хабарлайды

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті санаттарды анықтауға өтініш беру мерзімі ұзартылғанын хабарлайды

Құрметті табиғат пайдаланушылар (операторлар)!

            ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы жаңа Экологиялық кодексінің 418-бабының 3-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті екендігін еске саламыз.

            Объектілерді санаттарға жатқызу үшін өтініш беру үдерісін жеңілдету және жеделдету үшін Бірыңғай экологиялық портал әзірленді - http://ecogov.kz. БЭП операторы ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК болып табылады.

            Бірыңғай экологиялық порталдың байланыс орталығы: тел.: 8 (7172) 24 81 74, 8 (7172) 24 83 45, 8 (7172) 24 83 48, 8 775 826 72 29.

https://www.instagram.com/p/CRGvRyEJmTD/?utm_medium=share_sheet

Бейне нұсқаулық:

    https://www.youtube.com/watch?v=qx9BFe6kDuU

    https://youtu.be/-AccQ84hT3I