"Бизнестің жол картасы 2025 " мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы

"Бизнестің жол картасы 2025 " мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің жоғары белсенділігі байқалады. Жыл басынан бері 69,2 млрд.теңге инвестиция сомасына 1601 жоба іске асырылуда.

       Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша биыл 58,6 млрд.теңге инвестиция сомасына 963 жоба мақұлданды.

       2021 жылға «БЖК 2025» бағдарламасын жүзеге асыруға барлығы 7 млрд.теңге қарастырылған, бұл өткен жылдан 2,5 есе көп.

       Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралы бойынша жалпы инвестиция сомасы 32,9 млрд.теңгені құрайтын 487 жоба мақұлданды.

       Субсидиялау құралы бизнес үшін барынша тартымды. ШОБ үшін пайыздық мөлшерлеме 6% - ды құрайды.

       Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (1.07.2020ж. жағдай бойынша 3,9 млрд. теңге сомасына 74 жоба) өтініш білдірген және қолдау көрсетілген кәсіпкерлер саны бес еседен астам өсті, инвестициялар сомасы 10 есеге өсті.

       Мысалы, біздің қарағандылық кәсіпорындарымыз – шұлық-ұйық бұйымдарын шығаратын «Тэгам» ЖШС, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығаратын «Жакко» ЖШС, ұн тарту-жарма бұйымдарын шығаратын жобасы бар «Ақжайық» ЖШС және т.б. қолдау тапты.

       Көлік және қоймалау саласында – «ТехнЭкс» ЖШС.

       Денсаулық сақтау саласында кәсіпкерлердің белсенділігі жалғасуда - мысалы, «Тұлпар» ЖШС өз бизнесін  қонақ үйден «Кардиоцентр» медициналық қызметіне қайта бейімдеді.

       Бұл халықтың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған жобалар.

       Келесі құрал – несие бойынша ішінара кепілдік беру.

       Кепілдік қамтамасыз етуі жеткіліксіз кәсіпкерлер үшін Даму Қоры ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін несие сомасының 85% - ына дейін және жұмыс істеп тұрған бизнес үшін 50% - ына дейінгі мөлшерде кепілдік береді.

       Ағымдағы жылы 3,5 млрд. теңгеге 475 жоба кепілдік алды. Өткен жылмен салыстырғанда кепілдіктер саны 10 есеге жуық өсті, сомасы бойынша 3 есеге артты.

       Жобалар санының өсуіне Бағдарламаға бірінші бағыт бойынша портфельдік субсидиялау бөлігінде өзгерістер енгізу ықпал етті.

       Гранттық қаржыландыру бойынша.

       Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша гранттар беруге арналған конкурсты үшінші тоқсанда «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Qoldau.KZ» веб-платформасы арқылы электрондық нысанда өткізу жоспарлануда.              

       Мемлекеттік гранттар конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша беріледі. Комиссия құрамына жыл сайын жаңартылып отыратын Кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер қауымдастығының, жоғары оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері және Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі кіреді.

       Мысалы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша өтініш берушілердің 204 жобасы қаралды, оның ішінде гранттың орташа чегі -4 млн.теңге болатын 13 жоба іріктелді.

       Биыл бұл жұмыс сол форматта жалғасады. Бұл мақсатқа 56,4 млн. теңге қарастырылған.

       Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 467 жаңа жұмыс орны құрылды, олар Жұмыс орындарын құрудың электрондық картасына енгізілген.

       Жалпы БЖК-2025 іске асырылған сәттен бастап, 2010 жылдан бері салық түсімдері жиынтығы 117,0 млрд.теңгені құрады.

       Бағдарламаның арқасында 2010 жылдан бері 33,3 мың жұмыс орны сақталып, 6,2 мың жаңа жұмыс орны құрылды.