Бизнесті қолдаудың мемлекеттік шаралары

Бизнесті қолдаудың мемлекеттік шаралары

Мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің жоғары белсенділігі байқалады. Жыл басынан бері 67 млрд. теңге инвестиция сомасына 1016 жоба іске асырылуда.

       «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша биыл 57,7 млрд.теңге инвестиция сомасына 821 жоба мақұлданды.

       Оның ішінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралы бойынша 32,6 млрд.теңгеге 380 жоба мақұлданды, 3,0 млрд. теңгеге 440 жоба кепілдік алды және 22,1 млрд. теңге сомасына 1 жобаға инфрақұрылым жүргізу мақұлданды. 2021 жылға «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға барлығы 7 млрд.теңге қарастырылған, бұл өткен жылдан 2,5 есе көп.

       Мысалы, биылғы жылы субсидиялау құралы бойынша мақұлдау алынды: «Жезқазған-Эйр» Авиакомпаниясы (ZHEZAIR) әуежайды жабдықтау үшін техника сатып алуға; такси қызметін көрсету үшін автокөлік сатып алуға «9 регион» компаниясы, баспа қызметін кеңейту үшін «Gold Print» ЖШС.

         «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша 6% - бен шағын несие беру енді ғана басталды. Белгілі болғандай, бағдарлама 2017 жылы бастау алып, биыл аяқталады.

       Бизнестің жеңілдікті кредиттеуге деген үлкен қажеттілігін ескере отырып, екінші жартыжылдықтан бастап бұл микрокредиттер «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Бастау-Бизнес» түлектеріне біздің «Атамекен Қарағанды» МҚҰ арқылы берілетін болады. Барлығы 3,8 млрд. теңгеге 1 мыңға жуық шағын несие беруді жоспарлап отырмыз.

       2019 жылдан бастап жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмыс істейді. Қарағанды облысы бойынша барлығы 145,8 млрд.теңгеден астам сомаға бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының 232 кәсіпорны анықталды. Оның ішінде 25 млрд. теңге инвестиция сомасына 173 жоба мақұлданды.

       Бағдарлама шеңберінде іске асырылған неғұрлым ірі жобалар:

       - «Евразиан Фудс» АҚ маргарин өндіру желісін кеңейту;

- «Альфарух» ЖШС көтерме-тарату орталығының құрылысы;

- «Жаке» ШҚ бордақылау алаңы .

Қазіргі дағдарыс жағдайында ел Президенті ең көп зардап шеккен секторлардағы ШОБ үшін айналым қаражатын толтырудың арнайы бағдарламасының қолданылуын 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды, сондай-ақ оны қамтуды кеңейтуді тапсырды. Осы мақсаттарға Республика бойынша бағдарламаның жалпы көлемін 800 миллиард теңгеге дейін жеткізе отырып, қосымша 200 миллиард теңге көзделген болатын.

Өткен жылы бұл қолдауды 25,1 млрд.теңге несие сомасына 111 біздің кәсіпкер пайдаланды, биыл - 8,8 млрд. теңгеге 29 кәсіпкер.                              

Биыл 2,5 мыңнан астам кәсіпкерге қаржылық қолдау көрсету, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1250 адамды оқыту жоспарлануда.

Жаңа бизнес нысандарының құрылысы жалғасуда. 2020 жылы сауда және қызмет көрсету саласында 29,2 млрд.теңгеге, 1840 тұрақты жұмыс орнын құрумен 447 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде 468 жұмыс орнын құрумен 5,8 млрд.теңге инвестиция сомасына 131 бизнес объектісі ашылды.

Бизнесті мемлекеттік қолдаудың арқасында Қарағанды облысында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің 3,5% - ға (ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша-90,7 мың бірлік), өнім шығарудың 7,1% - ға (2020 жылы-1641 млрд.теңге) және жұмыспен қамтылғандар санының 0,3% - ға (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша-245 мың адам) өсуі байқалады.

COVID-19 пандемиясы өткен жылы электрондық сауда нарығының дамуына басқа факторлардан да күшті әсер етті. Дәстүрлі форматтағы дүкендердің мәжбүрлі жабылуы тұтынушыларды интернет-дүкендердің қызметіне белсенді жүгінуге мәжбүр етті.

Онлайн-сервистердің белсенді дамуы есебінен электрондық коммерция 3 есе өсті, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесі 78% - дан асты.