"Бизнестің жол картасы 2025 " мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

"Бизнестің жол картасы 2025 " мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

2021 жылғы қаңтар-наурызда «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 29,5 млрд.теңге инвестиция сомасына 398 жоба мақұлданды. Оның ішінде құралдар бойынша: субсидиялау - жалпы кредиттер сомасы 28,4 млрд.теңгеге 210 жоба, кепілдік беру - 1,1 млрд. теңге сомасына 188 жоба.

Жобалардың ең көп саны - Қарағанды ​​қаласында - 202 жоба және Жезқазғанда - 60 жоба.

Салалық бөліністе кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша: өнеркәсіпте - 20,7 млрд.теңгеге 19 жоба; көлік және қоймалау - 0,9 млрд. теңгеге 28 жоба; ауыл шаруашылығында – 21 млн. теңгеге 4 жоба; сауда - 0,7 млрд. теңгеге 97 жоба; жылжымайтын мүлікпен операциялар – 5,2 млрд. теңгеге 22 жоба; тұру және тамақтану бойынша қызметтер - 0,3 млрд. теңгеге 7 жоба; құрылыс – 90,7 млн. теңгеге 7 жоба; өнер, ойын – сауық және демалыс – 68,5 млн. теңгеге 2 жоба; өзге де қызметтер-0,5 млрд. теңгеге 24 жоба мақұлданған.

Субсидиялау бойынша мақұлданған бағдарламаға қатысушылар арасында ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 1 жоба; орта - 7 жоба; шағын - 54 жоба, микро бизнес - 148 жоба жатады.

Мысалы, биылғы жылы субсидиялау құралы бойынша «Жезқазған-Эйр» авиакомпаниясы (ZHEZAIR) әуежайды жабдықтау үшін техника сатып алуға мақұлдау алды; «9 регион» компаниясы такси қызметін көрсету үшін автокөлік сатып алуға, «Gold Print» ЖШС баспа қызметін кеңейту үшін мақұлдау алды.

Кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының 01.04.2021 жылға 3,6% - ға (90 361 бірлік) өсуіне ықпал етті.