2021 жылғы 7 сәуірде "Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы" брифинг өтті

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру туралы 

Басқа өңірлерден әкелінетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда тұр.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 19 атауының 5-уі бақылауда: қант, қарақұмық жармасы, ажарланған күріш, өсімдік майы, тұз.

Бұл өнімдер облысқа шетелден, негізінен Ресей мен Белоруссиядан, сонымен қатар Қазақстанның басқа облыстарынан да әкелінеді.

Мысалы, қант Алматы және Жамбыл облыстарының зауыттарынан, күнбағыс майы – Шығыс Қазақстан облысынан, қарақұмық - Павлодар облысынан және күріш – Қызылорда облысынан әкелінеді.

 Бүгінгі таңда бұл өнімдер облыстың көтерме сауда қоймаларына уақытылы келіп түсуде, қолда бар көлемдер облыс халқының айлық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте түсімдер күн сайын темір жолмен де, автокөлікпен де жүргізіледі.

Мысалы, өткен айда (наурыз) облыс қоймаларына 3139 тонна бакалея өнімдері келіп түсті. Жолда тағы 940 тонна азық-түлік өнімдері бар, олардың келуі 13 сәуірге дейін жоспарланған.

Сондай-ақ, 728 тонна көлемінде төленген вагондар бар, олардың келуі 20 сәуірге дейін күтілуде. Тиісінше, өнім тапшылығы жоқ.

Жыл басынан бері тауар интервенциялары шеңберінде тұрақтандыру қорының резервтерінен: қарақұмық жармасы – 16,2 тонна, қант – 25,2 тонна, өсімдік майы – 9,1 мың литр жөнелтілді. Интервенция бойынша өнімдер әлеуметтік павильондар мен супермаркеттердің ірі желілері арқылы тек халық үшін ғана өткізіледі. Сондай-ақ тұрақтандыру қорының резервтері облыстың басқа да қалаларын қамтиды.

Интервенция бойынша баға нарықтағы ағымдағы бағалардан 10% - ға төмен белгілене

Интервенция бойынша баға нарықтағы ағымдағы бағалардан 10% - ға төмен белгіленеді.