Қарағандыда «Ashyq» пилоттық жобасын жүзеге асыру басталды

Қарағандыда «Ashyq» пилоттық жобасын жүзеге асыру басталды

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты өткізу туралы» № 7 қаулысы шеңберінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталды.

Бұл жоба кәсіпкерлік нысандарын: фитнес-клубтарды, спа-орталықтарды, сауналарды, бассейндерді, компьютерлік клубтар мен боулинг-клубтарды толық жабудың баламасы ретінде және олардың жұмыстарына шектеулерді ішінара алып тастау үшін  іске қосылды.

Осыған байланысты, «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушылары болып табылатын компьютерлік клубтар мен боулинг-орталықтар өз қызметін қайта бастауға, ал басқа кәсіпкерлік объектілері әлеуметтік — экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлеріне сәйкес шектеулерді алып тастауға мүмкіндік алды (егер өңір «қызыл аймақта» болса, «сары аймаққа» сәйкес жұмысты шектеу критерийлері қолданылады; егер өңір «сары аймақта» болса, «жасыл аймаққа» сәйкес жұмысты шектеу критерийлері қолданылады).

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен, Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп қолданыстағы Ashyq қосымшасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта 18 кәсіпкерлік нысаны (оның ішінде 2 фитнес клуб, 1 боулинг орталығы және 15 компьютерлік клуб) заңгерлік кеңес алды, оның ішінде 16 бизнес нысаны (компьютерлік клубтар, боулинг) осы қосымшаны Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарына сәйкес пайдаланады.

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін: вирустың тасымалдаушысы болып табылатындығын немесе табылмайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Бизнес субъектісі — жобаға қатысушы қабылданып жатқан санитариялық шараларға қосымша бақылауды қамтамасыз етеді. Жобаның тағы бір артықшылығы-келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені барлық азаматтар қоғамдық орындарда өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды және осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.

Қарағанды қаласы бойынша

ASHYQ пилоттық жобасына қатысушылар тізімі

р/с

БСН / ЖСН

Атауы

Мекен-жай

Боулингтар

1.

30640005989

 "Центр Достар" ЖШС, «Бумер» боулингі

Қарағанды қ., Құрылысшылар даңғ., 28

Компьютерлік клубтар

1

800 615 300 922

PlayStation Club

Қарағанды қ., Н. Әбдіров даңғылы, 15

2

160 340 027 797

ЖАНА САРЫАРКА ЖШС, 

«Arena Cyber Club»

Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 33/2

3

181 140 014 427

Black Club

Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 57/4-үй

4

791 003 301 852

ЖК Навлянкин

Қарағанды, Әлиханов к-сі 35

5

890 728 351 115

ЖК “Абилхан”

Қарағанды қ., Ерубаев к-сі 48

6

850 314 450 096

“WWW” компьютерлік клубы

Қарағанды қ., Язев к-сі 11

7

190 640 018 338

«ALLCON Service» ЖШС, «QWERTY» компьютерлік клубы

Қарағанды қ., Шахтерлер даңғ., 5/1 үй

8

791 025 402 430

ЖК ЖАКЕНОВА
 «FRIEND ZONE»

Қарағанды қ., Язев к-сі, 17

9

610 607 401 001

ЖК Елефтериади Ольга Евгеньевна

Қарағанды қ., Тәттімбет к-сі 18-61

10

670 710 350 054

R2D2

Қарағанды қ., Степной 3 үй 8

11

870 513 402 666

ЖК Ибрагимова

Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғ., 6

12

660 506 499 062

ЖК БАШКЕЕВА Ж.С., PC CLUB Portal

Қарағанды қ., Ерубаев к-сі, 45-үй

13

880 119 301 403

ЖК Ким , Game club BRO

Қарағанды қ., Әлиханов к-сі 37/4

14

860 428 450 622

ЖК Ким А.Г. «Интернет-кафе» компьютерлік клубы

Қарағанды қ., Чкалов к-сі 5

15

910 529 350 677

Pixel

Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы 1