«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 12 қарашадан 20 қарашаға дейін «Qoldau.kz» порталы арқылы мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурсқа электрондық өтінімдер қабылдау жүзеге асырылды (жалпы сомасы 55,0 млн.теңге). Конкурстық комиссияның отырыстарында өтініш берушілердің 204 жобасы қаралды. Конкурстық комиссияның құрамына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), қоғамдық бірлестіктердің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұратын 11 адам кіреді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Конкурстық комиссия 13 жобаны мақұлдады. Мемлекеттік грант иегерлерінің арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына-5 жоба, жас кәсіпкерлерге – 5 жоба, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге) – 3 жоба ұсынылды.
Оның ішінде:
Жобаларды іске асыру барысында кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.