Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу

Қарағанды облысының өндірушілері «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу» вебинарына қатысты.

Іс-шараны Қарағанды облысының әкімдігі, корпоративтік ұйымдар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыратын және кеңес беретін «Brit Academy KZ» (Қазақстан) және «ИнтерКонсалт» (Ресей) компаниялары ұйымдастырды. Вебинарға азық-түлік, аграрлық, буып-түю өнеркәсібі кәсіпорындарының, сондай-ақ ірі азық-түлік супермаркеттерінің өкілдері қатысты.

Спикерлер ретінде «ИнтерКонсалт» сату бөлімінің басшысы, жетекші аудитор, менеджмент жүйелері бойынша оқытушы Татьяна Демичева және компанияның жетекші консультанты, менеджмент жүйелерін енгізу бойынша әдістемелердің авторы, FoodSMI.com порталдың сараптамалық кеңесінің мүшесі Мария Кудашова сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті. Іс-шара барысында атап өтілгендей, ДДҰ деректері бойынша 200-ден астам белгілі аурулар, бірінші кезекте инфекциялық аурулар дәл осындай жолмен беріледі. Қазіргі тұтынушы өнімнің сапасына көбірек талап қояды. Өндірушінің алдында оның сеніміне ие болу міндеті тұр.

- Кеден одағы аясындағы негізгі құжат КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» болып табылады, ол кәсіпорындағы тамақ қауіпсіздігін басқару механизмдерін қадағалауды ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды қолданады. Дайындаушы НАССР қағидаттарына (тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері) негізделген рәсімдерді әзірлеуі, енгізуі және қолдауы тиіс, - деп атап өтті спикер.

Семинарға қатысушыларға менеджмент жүйелерін сертификаттау не үшін қажет екендігі егжей-тегжейлі айтылды. Ең алдымен, әңгіме халықаралық нарықтардың талаптарына сәйкестік, нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру және шағымдар санын азайту туралы болып отыр. Сонымен қатар, бұл жеке бизнес-процестерді реттеуге және компанияның жүйелі дамуына ықпал етеді.

Баяндаманың үлкен блогы енгізу және сертификаттау үшін стандартты таңдауға, процедурадан өту ерекшеліктеріне және ықтимал тәуекелдерге арналды.

 

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы