3 қазанда Қарағанды облысында Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған іс-шаралар өтеді

3 қазанда Қарағанды облысында Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған іс-шаралар өтеді

Өңір тұрғындары мен қонақтарын спорттық және ойын-сауық бағдарламалары, интерактивті туристік алаңдар, экологиялық іс-шаралар және отбасылық форматтағы түрлі шаралар күтеді.

Қарқаралы қаласында «MOUNTAIN BIKE QARQARALY» ашық облыстық веложарысы өтеді. Қатысушылар 21 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс. Жарыс жасөспірімдер мен ересектер арасында жеке форматта ұйымдастырылады.

Қарағанды қаласында сағат 12:00-ден бастап Орталық саябақта (жағалау) «Белсенді туризм аумағы» алаңы жұмыс істейді. Келушілер туристік құрал-жабдықтармен, велосипедтермен, SUP жабдықтарымен және қайықтармен танысып, арқан жолында өз күштерін сынай алады.

Бағдарлама мотомаусымның жабылуына арналған мотошерумен жалғасады. Колоннаның старты сағат 14:00-де Республика даңғылы, 11/1 мекенжайындағы Теннис орталығының алдында жоспарланған. Мотоциклшілер Республика даңғылы арқылы Төлепов көшесіне дейін жүріп өтіп, мотошеру Виктор Цой ескерткіші жанында аяқталады.

Іс-шаралар ішкі туризмді, белсенді демалыс пен салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ Қарағанды облысының туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған.