
Бүгінде технологиялар жасанды интеллект көмегімен шынайы бейнелерді, бейнематериалдар мен аудиожазбаларды жасауға мүмкіндік береді. Мұндай контент шынайы емес ақпаратты тарату және адамдарды жаңылыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Саяхатты жоспарлау, брондау немесе туристік нысандарға бару кезінде ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеру маңызды. Тек фотосуреттерге, бейнематериалдарға немесе аудиохабарламаларға ғана сенуге болмайды — жарияланымның дереккөзіне назар аударып, ақпаратты ресми парақшалардан растаған жөн.
Ақпараттық сауаттылық саяхатты қауіпсіз етуге және алаяқтықтан сақтануға көмектеседі.
Сапарларға, тұруға және туристік қызметтерге ақы төлеу кезінде қаржылық қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Банк картасын, шот деректемелерін, SMS арқылы келген кодтарды және мобильді қосымшаға кіру деректерін басқа адамдарға бермеңіз.
Дропперлер — басқа адамдардың ақша операцияларын жүргізу үшін өздерінің банк шоттарын немесе карталарын ұсынатын адамдар. Мұндай схемаларға қатысу қаржылық және құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.
Кез келген қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде мұқият болыңыз және тек тексерілген төлем тәсілдерін пайдаланыңыз.
Саяхаттау және белсенді демалыс — таза ауада көбірек уақыт өткізіп, денсаулығыңызға қамқорлық жасауға мүмкіндік береді. Вейптердің кәдімгі темекіге зиянсыз балама еместігін есте ұстаған жөн. Электрондық темекі аэрозолінің құрамында никотин және адам ағзасына кері әсер ететін басқа да заттар болуы мүмкін. Никотинді үнемі қолдану тәуелділікке әкелуі мүмкін. Салауатты өмір салты — жайлы әрі қауіпсіз саяхаттың маңызды бөлігі.