
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ш. Сүйінбаев жұмыс сапарымен Балқаш қаласына барды. Ол туристік инфрақұрылым нысандары мен курорттық аймақтың жұмысымен танысты. Аумақтарды абаттандыруға, санитарлық нысандардың жағдайына, кірме жолдарға және демалушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да мәселелерге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ туристік бизнес өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар өткен маусымның қорытындысын талқылап, жұмыс барысында кездесетін мәселелерді ортаға салды және қаладағы туризмді дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді
Кездесу қорытындысы бойынша 2027 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды. Олардың қатарында қызмет көрсету сапасын арттыру, туристік инфрақұрылымды дамыту, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Балқашты тартымды туристік бағыт ретінде ілгерілету бар.