Өңірде экотуризмді насихаттау мақсатында «JEEP TOUR TO SHET DISTRICT» атты екі күндік ақпараттық тур басталды

Өңірде экотуризмді насихаттау мақсатында «JEEP TOUR TO SHET DISTRICT» атты екі күндік ақпараттық тур басталды

Турға қатысушылар Шет ауданына аттанып, тек танымал нысандарды аралап қана қоймай, өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және туристік әлеуетімен іс жүзінде танысуда.

Тур аясында қатысушылар: Талды ауылындағы Талды тарихи-археологиялық кешеніне; Ақсу-Аюлыдағы Сазанбай батыр ескерткішіне; Сарысу байыту фабрикасының қирандыларына; Ортау этноауылына; Ағыбай батыр кесенесіне; табиғи нысан – Шұнақ кратеріне барады.

Ақпараттық турдың басты мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін көрсету, көпшілікке әлі де беймәлім бағыттарға назар аудару және туған өлке бойынша жаңа туристік маршруттарды қалыптастыру.