Қарағанды облысының туризмі: инвестициялар өсіп, жаңа нысандар ашылуда

Қарағанды облысының туризмі: инвестициялар өсіп, жаңа нысандар ашылуда

Қарағанды облысының туристік саласы инвестиция тартуды және туристік инфрақұрылымды кеңейтуді жалғастыруда.
2026 жылдың 7 айында туризм саласына салынған инвестиция көлемі 5,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 есе көп.
Жыл басынан бері 14 жаңа туристік нысан ашылды.

Олардың қатарында Қарқаралы ауданындағы «Аймақ» демалыс аймағы, «Тау» қонақ үйі, «Family House» жол бойындағы кешені және «Keruen Inn» жол бойындағы қонақ үйі бар.
Балқаш көлінің жағалауында «SannyDaysResort», «Premium Villa Balkhash», «Керемет», «Монако» және «Sunday» демалыс орындары ашылды.

Инвестициялық белсенділік кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаумен қатар жүруде.

2026 жылғы қаңтар–шілде айларында 30 жобаға жалпы сомасы 991,5 млн теңге көлемінде қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.
Олардың ішінде:
• туристік нысандарды салу және реконструкциялау шығындарының бір бөлігін өтеу;
• санитариялық-гигиеналық тораптарды субсидиялау;
• туристік көлік сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу қарастырылған.

Кәсіпкерлерге «Ауыл аманаты» бағдарламасы, «Даму» қорының кепілдігі және «Өрлеу» бағдарламасы аясында да қосымша мүмкіндіктер ұсынылады.

Инвестиция көлемінің өсуі, жаңа нысандардың ашылуы және мемлекеттік қолдау шараларының кеңеюі туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірдегі туристер ағынын көбейтуге мүмкіндік береді.