Қонақ үйлер – ауыл туризмін дамытудың жаңа серпіні

Қонақ үйлер – ауыл туризмін дамытудың жаңа серпіні

Бүгін Бұқар жырау ауданының Петровка ауылындағы «QARAGER» қонақ үйіне бардық. Осындай нысандарды дамыту Қарағанды облысында туризмді дамытудың Жол картасында көзделген. Бұл – агротуризмді, экотуризмді және ат туризмін дамытуға жаңа мүмкіндік, қосымша жұмыс орындарын ашуға, отбасылық кәсіпті қолдауға және ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Дәл осындай жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттырып, оны саяхатшылар үшін тартымды ете түседі.
Бұл бастамаларды қолдау – туризмнің тұрақты дамуына және Қарағанды облысының қонақтар үшін тартымдылығын арттыруға қосылған маңызды үлес.