Бүгін Zoom платформасында Қарағанды облысының гидтері, экскурсия жүргізушілері және туризм нұсқаушыларымен онлайн-кездесу өтті

Бүгін Zoom платформасында Қарағанды облысының гидтері, экскурсия жүргізушілері және туризм нұсқаушыларымен онлайн-кездесу өтті

Кездесудің негізгі тақырыбы 2026 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енген гидтердің, экскурсия жүргізушілерінің және туризм нұсқаушыларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын түсіндіруге арналды. Онлайн-кеңес барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары, сала мамандарының құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Мұндай кездесулер туристік сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.