
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі визит-орталықтардың қызметін реттейтін бірыңғай қағидаларды бекітті. Құжат туристік нысандарда, бағыттарда және туристік аймақтарда орналасқан визит-орталықтардың қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды. Кәсіпкерлік субъектілері ашатын визит-орталықтар туристерге қажетті ақпарат пен қызмет көрсетіп, туристік сервистің сапасын арттыруға, саяхат-сапарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.
Еске сала кетейік, биыл визит-орталықтардың мәртебесі заңнамалық тұрғыда туристерді ақпараттандыруға және туристік қызмет көрсетуге арналған туризм нысаны ретінде бекітілді. Сонымен қатар оларды орналастыру, салу, жаңғырту, жабдықтау, күтіп-ұстау және пайдалану мәселелері заңнамалық деңгейде реттелді. Сондай-ақ уәкілетті органға визит-орталықтардың жұмыс тәртібі мен оларға қойылатын талаптарды бекіту құзыреті берілді.
Толығырақ ресми сайтта.