Қарағанды облысы үшін жаңа мүмкіндіктер

Қарағанды облысы үшін жаңа мүмкіндіктер

Қытайлық компаниялар өкілдерінің, «Сарыарқа» әуежайы АҚ басшылығының және өңірдің туристік компанияларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – Үрімші – Қарағанды тікелей әуе рейсін ашу мәселесін қарастыру болды. Бұл жобаның жүзеге асуы іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өңір экономикасының дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.