
Әрбір сапар — табиғаттың көркем көріністерін тамашалап, таза ауамен тынығып, қаланың қарбалас тіршілігінен бір сәт алыстауға берілген мүмкіндік. Осындай ғажайып орындардың ертең де, бір айдан кейін де, жылдар өте келе де өз сұлулығын жоғалтпай, әрбір қонақты қуанта бергенін қалаймыз.
Күн сайын мамандар туристік аумақтардың таза, жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін еңбек етеді: демалыс орындарын абаттандырады, қоқыс контейнерлерін орнатады, тазалық пен тәртіпті сақтап, келушілерге қолайлы жағдай жасайды.
Алайда табиғатты қорғаудағы ең маңызды үлес — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.
Қоқысты белгіленген орынға дейін өзіңізбен бірге алып жүріңіз, табиғатқа ұқыптылықпен қараңыз, тазалық пен абаттандыру ережелерін сақтаңыз және туристік орындардың көркеюіне үлес қосып жүрген жандардың еңбегін құрметтеңіз.
Әрбір саяхаттан кейін тек жарқын естеліктер, әдемі суреттер және қайта оралуға деген ықылас қалсын.
Табиғатты аялаңыз. Жауапкершілікпен демалыңыз. Өңіріміздің көркін бірге сақтайық!