2020 жылғы 20 қарашада өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті

2020 жылғы 20 қарашада өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті

2020 жылғы 20 қарашада Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Карантиндік талаптардың сақталуы бойынша мониторингтік топтардың қызметі. Коронавирустық инфекция кезіндегі эпидемиологиялық жағдайда ШОБ қолдау шаралары» тақырыбында брифинг өтті.

Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 1 қарашасына 89 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді (89 078 бірлік).

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп, құрылыс, кәсіби және ғылыми қызмет, ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында бизнес белсенділігінің өсуі байқалады.

Бұл ретте, пандемияға және карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты неғұрлым зардап шеккен сауда, көлік, қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, ойын-сауық және демалыс және басқа да қызметтер салаларында төмендеу байқалады.

Шектеу шараларының қолданылуына байланысты, бүгінде 1 мыңға жуық бизнес субъектілерінің қызметі тоқтатылды - бұл адамдар көп жиналатын объектілер. Олар: ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярдтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселер; сауда ойын-сауық орталықтарында және т.б. орналасқан фудкорт, банкет залдары мен қоғамдық тамақтану объектілері; аквапарктер.

Бизнесті қалпына келтіру мақсатында, мемлекет кәсіпкерлерді қолдау үшін бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЖАО мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша ШОБ үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтата тұру тапсырылды. Қарағанды облысы бойынша бұл 1289 жалдау шарты (125 млн.теңгеге).

Бизнеске қолдау көрсету үшін карантин кезінде ірі сауда орталықтарының, сауда үйлерінің иелерімен кездесулер өткізілді. Жалпы, 86 сауда үйімен, оның ішінде 26 ірі сауда үйлерімен жұмыс жүргізілді, 5 мыңға жуық жалға алушымен (4800 жалға алушы) жұмыс жасалды. Нәтижесінде жалдау құнынан толық босатудан бастап 40%-ға дейін жеңілдіктер берілді.

Екінші деңгейдегі банктермен 300–ден астам (334) кәсіпкерлерге 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге кредиттер, негізгі борыш және пайыздар бойынша мерзімдерін кейінге қалдыру ұсынылды.

Тұтастай алғанда, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының арқасында бір жыл ішінде корпоративтік және жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын ЖТС-тен басқа), оңайлатылған декларация бойынша әлеуметтік салық және бірыңғай жер салығы бойынша салықтар бойынша мерзімдерін кейінге қалдыру ұсынылды. Қарағанды облысы бойынша бұл көрсеткіш 30 мыңнан асады.

Кәсіпкерлерге көмек ретінде бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру ұлғайтылды, мәселен, облыс бойынша Бизнестің жол картасы бойынша 1,7–ден 2,8 млрд. теңгеге дейін, Қарапайым заттар экономикасы бойынша - қосымша 400 млрд. теңге бөлінді, нәтижесінде Қазақстан бойынша 1 триллион теңге көзделген, жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша республикаға тағы 200 млрд. теңге, жалпы сомасы 800 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда субсидиялар, кепілдіктер, гранттар және инфрақұрылым түріндегі қаржылық қолдау шаралары 3 мыңға жуық кәсіпкерге (83 млрд.теңге инвестициялар сомасына) берілді.

 

Бизнестің жол картасы 2025 бойынша инвестиция сомасы 43,2 млрд.теңгеге 333 жоба мақұлданды.

 

Бағдарлама бойынша қолдау тапқан жарқын мысалдардың бірі – «Тұлпар» ЖШС, олар медициналық жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алуға 100 млн.теңге жеңілдетілген несие алды. Сондай-ақ, қонақ үй кешенін медициналық оңалту орталығына айналдырған.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 9,1 млрд.теңге сомасына 110 жоба мақұлданды.

Оның ішінде 95 жоба мал шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін дамытуға бағытталды.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 1187 кәсіпкерге 5 млрд.теңгеге шағын несиелер берілді (оның ішінде қалаларда-1048,8 млн. теңгеге 98 және ауылдарда-4018,9 млн. теңгеге 1089 шағын несие).

Мысалы, жеңілдетілген шағын несиені пайдаланған жобалардың бірі - моторлы қайықтар мен катерлер шығаратын Қарағанды шағын кеме жасау верфі. Сондай-ақ, логистикалық сала мен АӨК жобалары қолдау тапқан.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелендірудің жаңа бағдарламасы бойынша айналым қаражаты 25,1 млрд. теңге сомасына сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласындағы 111 жоба мақұлданды.

Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 685 млн.теңгеге 1233 грант берілді және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 94,6 млн. теңгеге 155 грант берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ШОБ-тың барлық қолданыстағы несиелері бойынша жылдық 6% - ға дейін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, а.ж. 1 қаңтардан бастап 3 жылға Мемлекет басшысының Жарлығымен микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру және кәсіби бақылау жүргізуге мораторий енгізілген.

Жыл басынан бастап арнаулы салық режимін қолданатын микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері салық төлеуден 3 жылға босатылды.