
Жыл сайын Балқаш көлінің жағалауы мен Қарқаралы ұлттық паркінің көркем табиғат аясында демалуды таңдайтын туристер саны артып келеді.
Тек өткен демалыс күндерінің өзінде демалыс базалары мен жағажайларда келушілер саны айтарлықтай көп болды.
Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Шомылу маусымы бойы Балқаш көлінің жағалауында құтқару қызметтері тұрақты кезекшілік атқарып, профилактикалық рейдтер ұйымдастырып, демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар тек арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
Қарқаралы ауданында да туристер табиғи аумақтарда демалу қағидаларын қатаң сақтауға шақырылады. Атап айтқанда, тек рұқсат етілген орындарда демалу, тыйым салынған жерлерде от жақпау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және ұлттық парк қызметкерлерінің ұсынымдарын орындау маңызды.