Қарағанды облысында жазғы туристік маусымда тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Қарағанды облысында жазғы туристік маусымда тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жаппай демалыс орындарында төтенше жағдайлар қызметтерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың патрульдеуі күшейтілді.

Жағажайлар мен туристік аймақтарда құтқару бекеттері мен бақылау мұнаралары орнатылған, бейнебақылау жүргізілуде, қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық тақталар орналастырылған. Мамандар су айдындарында тұрақты рейдтер өткізіп, демалыс нысандарының дайындығын бақылап, демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Балқаш көлінің жағалауындағы, Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағындағы, сондай-ақ Абай және Бұқар жырау аудандары мен Қарағанды және Теміртау қалаларындағы жаппай демалыс орындарындағы қауіпсіздікке ерекше назар аударылуда. Төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері болуы мүмкін оқиғаларға жедел әрекет ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде.