Абай ауданы – Қарағанды облысындағы көрікті демалыс орындарының бірі

Абай ауданы – Қарағанды облысындағы көрікті демалыс орындарының бірі

Абай ауданы – Қарағанды облысындағы көрікті демалыс орындарының бірі. Мұнда Топар су қоймасы орналасқан. Ауданда демалушыларды қабылдайтын 28 демалыс аймағы бар. Олар отбасылық демалысқа, жағажайда тынығуға және белсенді уақыт өткізуге арналған түрлі мүмкіндіктерді ұсынады.

Мұнда әрбір адам жазғы демалысын ерекше әрі есте қаларлықтай өткізе алады. Көркем табиғат көріністері, таза жағажайлар, таза ауа және жайлы демалыс орындары сізге ерекше әсер сыйлайды.

Жаңа демалыс орындарын ашып, туған өлкеңіздің әсем табиғатына тамсаныңыз. Сапалы демалыстың алыс емес, дәл жаныңызда екенін өз көзіңізбен көріңіз!