Туристік маусымда демалушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді

Туристік маусымда демалушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді

Балқаш жағалауында заманауи капсулалық-модульдік құтқару станциялары орнатылды. Олар шомылу маусымы бойы құтқарушыларға кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында туристік полиция қызмет атқарады, сондай-ақ халық көп шоғырланатын демалыс орындарында бейнебақылау камералары орнатылған.

Туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытудың негізгі басым бағыттарының бірі.