
Balkhash Tour Fest – 2026 фестивалінің қонақтары мен қатысушылары үшін фестиваль алаңына дейін тегін автобустар ұйымдастырылады.
Бағыты: Жастар сквері — фестиваль алаңы
Жұмыс уақыты: 10:00–23:00
Қозғалыс аралығы: әр 6–8 минут сайын
Жол жүру тегін
Қолайлылық пен жол кептелістерін болдырмау мақсатында қоғамдық көлікті және арнайы ұйымдастырылған шаттл-автобустарды пайдалануға кеңес береміз. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Балқаш көлінің жағалауы тағы да жарқын әсерлердің, музыка мен спорттың, белсенді демалыстың орталығына айналады.
Биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі – фестиваль аумағы бүкіл жаз маусымы бойы жұмыс істейтін болады. Балқаштағы мәдени алаңдарда әр демалыс сайын концерттер, спорттық жарыстар және демалушыларға арналған ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Фестиваль кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару қызметтері мен арнайы техника күшейтілген режимде жұмыс істейді. Көл акваториясында және жағалау аймағында кезекшілік ұйымдастырылады. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері де күшейтілген режимге көшеді.
BALQASH TOUR FEST сахнасында қазақстандық танымал өнерпаздар өнер көрсетеді:
• Miras Zhugunussov
• Ayau
• 6ELLUCCI
• Domino
• Nurlan & Murat
• Qazaq Band
BALQASH TOUR FEST – бұл жай ғана фестиваль емес, жаз бойы қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын нағыз демалыс орталығы.
Сіздерді Balkhash Tour Fest – 2026 фестивалінде күтеміз!