6 маусым күні Қарқаралы қаласында туристік сала өкілдерінің кездесуі өтті

6 маусым күні Қарқаралы қаласында туристік сала өкілдерінің кездесуі өтті

«Kaz Alpine Club» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоғам және саясат қайраткері Ерлан Смайлов экотуризмді дамытуға және мәдени мұраны сақтауға бағытталған «Алатау аманаты» жобасын таныстырды. Презентация барысында Алматы өңіріндегі туристік маршруттарды іске асыру тәжірибесі ұсынылды. Жобаның негізгі мақсаттары – толыққанды туристік экожүйені қалыптастыру, туристік ағынды ең көп келушілер баратын орындардан жаңа перспективалы бағыттарға қайта бөлу, сондай-ақ қонақ үйлерді, тамақтану орындарын және сервистік қызметтерді дамыту арқылы ауыл тұрғындарын туризм саласына тарту.
Қарағанды облысының туризм басқармасы ұқсас бастамалардың оң тәжірибесін ескере отырып әзірленген және қазіргі уақытта талқылау мен жетілдіру сатысында тұрған «Сарыарқа–2000» жұмыс жобасын ұсынды.
Талқылау барысында қатысушылар жобаны одан әрі дамыту және оны практикалық тұрғыдан іске асыру жөніндегі ұсынымдарын айтты. Түскен барлық ұсыныстар жобаны одан әрі пысықтау және оны Қарағанды облысының аумағында іске асыру туралы шешімдер қабылдау кезінде қаралатын болады.