
Құрметті әріптестер мен серіктестер! «BaiQymyz» фестивалі аясында сіздерді экотуризмді дамытуға, мәдени мұраны сақтауға, қоғамдық құндылықтарды нығайтуға және жасампаз бастамаларды қолдауға бағытталған «Алатау аманаты» жобасының таныстырылымына қатысуға шақырамыз.
Іс-шара барысында жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері, қызметінің басым бағыттары, сондай-ақ оның Қарағанды облысында жүзеге асырылу перспективалары таныстырылады.
Күні: 06.06.2026 ж.
Уақыты: 14:30
Өтетін орны: Қарқаралы ауданының Ш. Жандарбекова атындағы мәдени-демалыс орталығы
Сіздерді қадірлі қонақтарымыздың қатарынан көруге қуаныштымыз!