
Мемлекеттік қолдау шаралары туристік нысандарды салу және қайта жаңарту шығындарының бір бөлігін өтеуді, жол бойы қызмет көрсету нысандарын дамытуға, сондай-ақ тау шаңғысы жабдықтары мен автобустарды сатып алуға бағытталған. Сонымен қатар қызмет сапасын арттыруға және өңірде жайлы туристік ортаны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік бағдарлама аясында туристік саладағы нысандарды (демалыс аймақтары, қонақ үйлер) салу жобаларын іске асырып жатқан 5 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Оларға шығындардың 10%-ы өтеледі. Сондай-ақ туристерге қызмет көрсету үшін автобустар сатып алған 1 кәсіпкерге қолдау көрсетілді – сегізден көп жолаушы орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу құнының 25%-ы өтеледі.
2026 жылдың басынан бері 3 СГУ-ға субсидия берілді, оның ішінде: Қарағанды қаласында – 2, Саран қаласында – 1.
Осы шараларды іске асыру инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қарағанды облысының туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.