Туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер: Астана – Балқаш және Балқаш – Астана бағыттары бойынша әуе рейстері

Туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер: Астана – Балқаш және Балқаш – Астана бағыттары бойынша әуе рейстері

Qazaq Air әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап Астана–Балқаш және Балқаш–Астана бағыттары бойынша әуе билеттерінің сатылымы басталғанын хабарлады.

Елорда мен Балқаш арасындағы әуе қатынасының ашылуы өңірдің туристік әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Енді еліміздің тұрғындары мен қонақтары Балқаш көлінің жағалауына, танымал демалыс аймақтарына және қаладағы туристік нысандарға тез әрі ыңғайлы жете алады.

Жаңа рейстер туристер ағынының артуына, қызмет көрсету саласының дамуына және жергілікті бизнесті қолдауға оң әсер етеді деп күтілуде.