Қарағанды облысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде

Қарағанды облысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде

Жаздың басталуына санаулы күндер қалды. Өңір тұрғындары мен қонақтарының демалысы жағымсыз жағдайлармен көлеңкеленбеуі үшін Қарағанды облысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.

Алдағы маусымның басты басымдығы – жайлы әрі қауіпсіз демалыс.

Қазірдің өзінде атқарылып жатқан жұмыстар:

✔️ жағажайлар мен демалыс аймақтары абаттандырылуда;
✔️ туристік полиция жұмыс істеуде;
✔️ қосымша бейнебақылау камералары орнатылуда;
✔️ жаз мезгілінде Торанғалық пен Шұбартүбекте тәулік бойы жедел жәрдем бекеттері жұмыс істейтін болады;
✔️ құтқару қызметтерінің жұмысы күшейтілуде;
✔️ қоғамдық құтқарушыларды оқыту жүргізілуде;
✔️ мамандар жаппай демалыс орындарының санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін тексеруде.

Сондай-ақ кәсіпкерлермен жағажай инфрақұрылымын жақсарту және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Барлық шаралар жазғы демалыс кезеңінде туристер үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған.