
Болашақ қоғамдық кеңістік өңір тұрғындары мен қонақтарының демалыс орнына айналып, облыстың туристік тартымдылығын арттыруға өз үлесін қоспақ.
Мұндай жобалар қаланы тұрғындар мен туристер үшін жайлы әрі тартымды ете түседі. Жаңа жасыл аймақтар демалысқа қолайлы орта қалыптастырып, экологияны сақтауға және Қарағанды облысында ішкі әрі экологиялық туризмнің дамуына ықпал етеді.
Ауқымды шараға Қарағанды облысының туризм басқармасы мен «Visit Karaganda» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері де қатысты.